Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Оңалту жұмыстары – ортақ міндет

amin.kz 23.01.2021 2181 0 пікір
Атырау: Оңалту жұмыстары – ортақ міндет

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен өткен жиында мүфтият тарапынан бекітілген жеті бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарламалық баяндамасында жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берілетінін жеткізген болатын. Олар – ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс. Біздің міндет – аталған бағыттар бойынша жұмыстарымызды нақтылау» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Жиын барысында жат ағымдардан жапа шеккендерді оңалту бағытында атқарылатын жұмыс үлгісі, әдістері бойынша кеңінен түсінік берілді. Және дін мен ділді, руханиятты насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарын алаң ретінде тиімді пайдалану мәселесі де көтерілді.

«Яғни оңалту бағытындағы жұмыстар – жеке ықпал ету акциялары, жалпы профилактикалық іс-шаралар, түзету мекемелеріндегі азаматтармен жеке жұмыс және жаппай аудиторияны қамту бағытында жүргізілетін болады» деп нақтылады бас имам.

Бас имам облыстағы барша дін саласы мамандарын «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңды» терең меңгеруге және жұмыс барысында аталмыш заңға басты методологиялық құрал ретінде сүйенуге үндеді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру