Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Өңір имамдарының мәжілісі өтті

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 20.01.2021 1882 0 пікір
Тараз: Өңір имамдарының мәжілісі өтті

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде өңірдегі қала, аудан имамдарының жиыны өтті. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев басшылық еткен жиынға әр ауданның бас имамдары мен облыстың наиб имамдары, мешіт іс басқарушы, бас имамның көмекшісі, облыстық мешіт ұстаздары, мешіт азаншысы, медресе оқытушысы, мешіт есепшісі мен кассирі қатысты.

Шара барысында Бейбіт Мырзагелдиев: «Осы уақытқа дейін 4 бағыт бойынша жұмыс атқардық. Бұл жолда жасалған жемісті жұмыстар ауыз толтырып айтарлық. Енді ол кеңейе түсіп, алдағы уақытта 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратынмыз. Олар – ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту, Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс», – деп биылғы жылдың басты қадау-қадау бағыттарын нақтылап берді. 

Сонымен қатар еліміздегі діни ахуалға байланысты жасалатын жұмыстар, олардан шығаруға тиісті нәтиже тілге тиек болып, мешіт қызметкерлерінің этикасы, Әдеп кеңесі, оның мақсаты жайлы тілге тиек етті. Бас имам дін мамандарының сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім киісі жайлы құжат дайындалғанын да айтып өтті. Дін маманы руханиятымыздың келбеті болғандықтан, әрбір іс-әрекетіне аса назар аударылуы тиіс.

Жиында сондай-ақ жамағатпен онлайн түрде де, БАҚ беттерінде де байланыста болу жүктелді. Ақпарат ағынының қарыштап дамыған кезеңінде сапалы, дұрыс діни мағлұматтың халыққа қолжетімді болғаны абзал. Жиналыста облыстағы діни саланың әр бағытына жауапты мамандар баяндама жасап, биыл жасалуға тиісті шараларға басымдық берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру