Батыс Қазақстан облысының орталық мешіті мен «Зекет» қорының өңірдегі өкілі Самат Әлібаевтың бастамасымен «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Іс-шара барысында Самат Әлібаев көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, 30 отбасының балаларына сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ шара барысында облыстық орталық мешіттің наиб имамы қайырымдылықтың сауабы мол іс екенін айтып, осы шараға зекетін аударып, қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкер азаматтарға ризашылық білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
05.01.2021
2857
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру