Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

1000 ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІ ФОРУМҒА ОНЛАЙН ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.12.2020 3451 0 пікір
1000 ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІ ФОРУМҒА ОНЛАЙН ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумына 1000 дін қызметкері онлайн режимде қатысты.

Індет жұқтыру қаупінің сейілмеуіне байланысты имамдар форумына өңірлердің бас имамдары ғана келіп қатысты. Ал қалған дін қызметкерлері форум жұмысын онлайн тамашалап, жиында қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттарымен таныс болды.

Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру