Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 12:30:38

17 Тамыз 2026

4 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Тараз: Медресе-колледж студенті қари атанды (ФОТО)

Тараз: Медресе-колледж студенті қари атанды (ФОТО)

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 09.12.2020 3891 0 пікір
– | A | +
Тараз: Медресе-колледж студенті қари атанды (ФОТО)

Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази медресе» колледжінің шәкірті Дулат Бүркітбай Алланың кәләмі Құран Кәрімді толықтай жаттап, қари атанды.

Жас қариды құттықтау жиыны өтіп, оған ұстаздар қауымы жиналды. 

Жиында Дулат Құранның соңғы аяттарын оқып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев батасын берді. Имам Құран жаттаудың артықшылығы жайында тілге тиек етіп, жаттап қана қоймай, оны сақтап жүрудің маңызын ерекше атап өтті. 

Ал аталған білім ордасының директоры Қанат Әділханұлы шәкіртке мақтау қағазын табыстап, игі тілегін жаудырды. 

«Құранның 30 парасын толық жаттап, қари атанған медресе-колледжіміздің студенті Бүркітбай Дулат Қанышұлы марапатталады. Алла тағала қалыбыңызды Құранға сай етіп, Өз құзырында ата-анаңызға алтыннан тәж кигізгей!» делінген мақтау қағазының мәтінінде. 

Айта кетейік, Д.Қанышұлы медресе-колледжде оқи жүріп, Құранды 1 жыл ішінде жаттап шықты. Алғашында ол Амангелді Бірлік және Әлмұхаммед Егізбаев ұстаздарымен Құранды меңгеруді қолға алған болатын. Карантин шаралары енгізіліп, оқу онлайн жүйеге көшкен уақытта Дулат өзі тұратын Шымкент қаласындағы «Айқап» мешітінің наиб имамы Ерасыл Халқыманмен бірге толық жаттап аяқтады.

Енді жас қари оқу орнындағы Амангелді Бірлік ұстазбен Құранды толық қайталап алып, алда хатымға өтуді жоспарлап отыр. Осындай батыл қадам жасап, білім жолын қуған жас жігітке облыс имамы қаржылай сыйлық табыстады.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026 2817
БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

13.08.2026 490
Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

Петропавл қаласы маңындағы мұсылман зираттарынан Qamqor-Sharapat орталығына жер секторлары бөлінбек

13.08.2026 457
Петропавл қаласы маңындағы мұсылман зираттарынан Qamqor-Sharapat орталығына жер секторлары бөлінбек

Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

13.08.2026 250
Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

Маңғыстауда асабалармен «Той-тәрбие мектебі» тақырыбында жиын өтті

13.08.2026 464
Маңғыстауда асабалармен «Той-тәрбие мектебі» тақырыбында жиын өтті

Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.08.2026 941
Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3