Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 04.12.2020 3861 0 пікір
«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне бас имам болып ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков тағайындалды. Бұл туралы мешітте өткен жиналыста Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлімдеді.

Бас мүфтидің бұйрығын оқып берген Ерболат Жүсіпов Хамзат имамды жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жаңа жауапты қызметке ауысып бара жатқан Бауыржан Есмаханға жамағаттың атынан рахмет айтып, алғыс білдірді.

Ал бұған дейінгі бас имам қызметін атқарған Бауыржан Есмахан Алматы қаласындағы «Арафат» мешітінің бас имамы, мешіт жанындағы «Арафат» қайырымдылық мекемесінің директоры қызметіне ауысты.

Хамзат Әділбеков 1984 жылы 27 қаңтарда СҚО, Айыртау ауданы, Шолақ-Өзек ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Карасевка ауылындағы орта мектепті тәмамдаған.

2001 – 2004 жылдары  Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университетінде  «Исламтанушы және имам хатиб» мамандығы бойынша білім алған.

2004 – 2008 жылдары Ливия мемлекетінің Триполи қаласында орналасқан «Исламға Шақыру» Университетін «Араб тілі және исламтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008-2009 жылдары Ливия  мемлекетінің Триполи қаласында орналасқан «Исламға Шақыру» Университетінің магистратурасының дайындық кезеңін оқып бітірген.

2015-2017 жылдары Шымкент қаласында орналасқан Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетінде педогогика мамандығы бойынша магистратура аяқтаған.

2009-2011жылдары Қазақстан Республикасының Ливиядағы Дипмиссиясында кезекші аудармашы қызметін атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап СҚО, Петропавл қаласындағы «Қызылжар» орталық мешітінде ұстаздық және www.sko-kmdb.kz мешіт сайтының администраторы қызметін атқарды.

2017 жылдың  қараша айында ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің маманы қызметіне тағайындалған.

Үйленген, үш баласы бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру