Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Аягөз мешітінде жаңа студия ашылды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 04.12.2020 2295 0 пікір
Семей: Аягөз мешітінде жаңа студия ашылды

Семей аймағына қарасты Аягөз қалалық орталық мешітінің жанынан жаңа студия ашылды.

Бұдан былай Аягөз ауданының дін қызметкерлері өңір тұрғындарына уағыз-насихат жүргізуде заманауи медиа-ресурстарды мейлінше тиімді пайдаланбақ.

Аталмыш студия әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізуге арналған арнайы құрылғылармен, жарық беру сынды қажетті құралдармен толықтай жабдықталған. Студияда жамағатқа діни бейнежазбалар дайындалып, жергілікті мешіт имамдарының онлайн дәрістері, уағыздары, қоғам өкілдерімен сұхбаттары өтеді.

Осынау игілікті іске жергілікті мешіт жамағаты, кәсіпкерлер қауымы үлес қосқанын айта кетейік. Ізгі іске қолдау көрсетіп, атсалысқан барша азаматтарға дін қызметкерлері тарапынан алғыс білдірілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру