Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Міржақып шығармашылығына арналған байқау өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 03.12.2020 2104 0 пікір
Міржақып шығармашылығына арналған байқау өтті

Биыл Алаш қайраткерлерінің алдыңғы сапында жүріп, ұлтымыздың сауаттануына, рухани, мәдени тұрғыдан дамуына өлшеусіз үлес қосқан қазақтың қаламгер һәм қайраткер ұлы Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толды. Осыған орай Рудный қалалық «Нұр» мешіті мектеп оқушылары арасында «Арқаның саңлағы – Міржақып» атты байқау өткізді.

Байқауға 7-10 сыныптарда оқитын 39 оқушы қатысты. Олар ақынның шығармаларын жатқа оқылып, мағынасына қарай сурет салды. Сондай-ақ оқушылардың көсемсөз шеберінің өмірі мен шығармашылығы жайлы білімін сыналды. Балалар жарысқа тиянақты дайындықпен келгенін байқатты.

«Байқаудың негізгі мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Сонымен қатар балаларға Міржақып атамыздың өлмес мұраларын жан-жақты тануға мүмкіндік беру» дейді «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев.

Сайыс соңында қазылар алқасы оқушылардың білімін сарапқа салып, жеңімпаздарды анықтады. Шығармаларды мәнерлеп оқудан Б.Майлин мектебінің оқушысы Жамбыл Тоққожаев жеңімпаз атанса, сурет салудан Кәрім Рахимов үздік деп танылды. Сондай-ақ байқауда жақсы нәтиже көрсеткен 16 оқушыға ақшалай сыйлық пен М.Дулатұлының «Оян, қазақ» кітабы сыйға берілді. Байқауға «Адлет-Т» ЖШС төрағасы Бақберген Қасымұлы демеушілік жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру