Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Дін қызметкерлеріне куәлік берілді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 03.12.2020 2281 0 пікір
Қарағанды: Дін қызметкерлеріне куәлік берілді

Қарағанды облысының бес дін қызметкеріне арнайы куәлік табысталды. 

Олар Құран Кәрім, фиқһ, ақида, мазһабтар тарихы пәндерінен арнайы бір айлық онлайн дәріс алып, білімін жетілдірді. Куәлікті дін қызметкеріне облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы салтанатты түрде табыс етті.

Бас имам асыл дініміздің еркін құлаш жайып, дамуына ерекше үлес қосып, ерен еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге алғыс айтып, дұға жасады.

Қазіргі заман білім мен жан-жақтылықты талап етеді. Сондықтан ҚМДБ діни кадрлардың білімі мен қызметтік сапасына ерекше басымдық беріп отыр. Себебі ілім – биік шыңға жетелер алып баспалдақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру