Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылжар: Бас имам марапатталды

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 03.12.2020 2648 0 пікір
Қызылжар: Бас имам марапатталды

«Қызылжар» орталық мешітінің ашылғанына 15 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің бас имамы Кенжетай Дүйсенбайға құттықтау хат жолдады.

Құттықтау хатты Кенжетай Дүйсенбайға облыстық дін істері басқармасының басшысы Рауза Қасенова табыстады.

Облыс әкімі құттықтау хатында бас имамға «Сіз елдің қоғамдық өміріне белсене араласасыз, қайырымдылық және білім беру іс-шараларын дамытасыз, отбасылық құндылықтарды нығайтуға көп көңіл бөлесіз» дей келіп, «Қызылжар» орталық мешіті ұжымына жетістік тіледі.

Айта керейік, 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қызылжар» орталық мешіті ашылған болатын. Мешіттің 15 жылдық мерейтойына орай аймақта бірқатар шаралар атқарылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру