Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті» күніне орай іс-шара өтті.
Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға үлес қосып, еліміздің игілігіне қызмет етіп жүрген қоғам белсенділері марапатталды. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы жыл бойына атқарған еңбегі еленіп, алғыс арқалап қайтты.
«Жанамын деген жүрекке от берейік» деп Төленген Айбергенов атамыз айтқандай, көптеген жастарды алға сүйреп, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болып жүрген қоғам белсендісі арнайы алғыс хатпен марапатталды. Ел басына күн туған уақытша қиындық кезеңінде аймақтың жастарын бір буындай жиып,қоғамға көп пайдасы тиер шаралар мен жобаларды атқарып, сауабы мол һәм қайырымды жобаларды ұйымдастырған қоғам белсендісінің алдағы жылға қойған мақсаты да айқын, жоспары жүйелі.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру