Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Ардагер имамдарды марапаттады

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 01.12.2020 2388 0 пікір
Алматы өңірі: Ардагер имамдарды марапаттады

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Алматы өңірі имамдары көптеген игі істердің ізін жалғастырды.

«Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Қуаныш Бақыт Алматы өңіріне қарасты шалғайда ауылдарда ерен еңбек етіп жүрген имамдар, медресе ұстаздары мен жауапты дін қызметкерлеріне 30 жылдық мерейтойға  арналған арнайы мерекелік сыйлықтарды табыс етіп, алғысхатпен  марапаттады.

Ұзақ жыл бойы аянбай қызмет етіп келе жатқан көненің көзі, асылдың сынығы, игінің ізі болған ардагер имамдардың иығына шапан жауып, батасын алды. Ардагер имамдар өнегелі өсиеттерін айтып, жас буынды жігерлендірді. Жиын соңында имамдар қауымы естелік суретке түсіп, мерекелік дастарханнан дәм татты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру