Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Үш күнде үш шара

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 30.11.2020 3103 0 пікір
Маңғыстау: Үш күнде үш шара

Маңғыстау облыстық  орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен аптаның үш күнінде үш шара өтті.

Қасиетті жұма күні орталық  мешіт алдында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тәттілер мен ыстық тағамдар сатылды. Сектор мүшелері бәліштер мен дәмді кондитер өнімдерін өздері пісірді. Жәрмеңкеден түскен қаражат мұқтаждарға жұмсалмақ.

Бұдан соң, сектор «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» атты семинар ұйымдастырып, әйел жамағатының басын қосты. Қатысушылардың сан түрлі сауалдарына ұстаздар мен «Асыл аналар» әжелер мектебінің өкілдері жауап берді.

-Аталмыш тақырыппен өткен шара алғаш рет ұйымдастырылды. Негізгі мақсат –  жасөспірім қыздар мен жас келіндерді ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптеуге және имандылыққа шақыру. Мұндай басқосуларды алдағы уақытта тұрақты өткізуді жоспарлап отырмыз,-дейді Маңғыстау облыстық орталық мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақмарал Қазиева.

Үшінші шара – Құран-Кәрімнің «Мүлк» сүресін оқудан облыстық жарыс өтті. Шәкірттер сүрені жатқа және мәнерлеп оқып, шеберліктерін танытты. Ұстаздар қазылық етіп, ең үздіктерге сый-сияпат берілді. Бірінші орынды Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінен келген Мөлдір Базарбай алса, екінші орынға Жаңаөзен қаласының орталық «Әбіш қожа» мешітінің шәкірті Пердегүл Жұмағазиева, үшінші орынға Жаңаөзен қалалық мешітінің жас шәкірті Әмина Усейн лайық деп танылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру