Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «KazBuilding-10» ЖШС халал сертификатына ие болды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 30.11.2020 2604 0 пікір
Шымкент: «KazBuilding-10» ЖШС халал сертификатына ие болды

ҚМДБ Шымкент орталық мешітінде өткен жылдық қорытынды есепте түрлі сусындар шығаратын «KazBuilding-10» ЖШС ҚМДБ-ның «Халал Даму» ұйымының сертификатына ие болды.

Ресми шараға барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлының сәлемін жеткізіп, түрлі сусындар шығаратын кәсіпорын директорына халал сертификатын табыс етті.

«Осындай адал өнім шығаратын кәсіпорындардың саны арта берсін дегіміз келеді. Алла істеріңізге адалдық, кәсіптеріңізге береке берсін!» деді бас имам Б.Абдрахманов.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру