Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Қараша айындағы қайырымдылық

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.11.2020 2388 0 пікір
Алматы өңірі: Қараша айындағы қайырымдылық

Қараша айында Алматы облысы, Талғар аудандық «Зекет» қоры өкілдігінің және «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Жақыныңа жылу сыйла» атты бірнеше қайырымдылық іс- шаралары өтті.

Аудан имамы Қажымұхан Қамбарұлының ұйытқы болуымен 70 көпбалалы және мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды. Бұл сауапты іс-шарадағы негізгі мақсат – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесу. Азық-түліктің барлық түрі қарастырылып, атап айтсақ, күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш т.б. күнделікті тұтынатын қажеттіліктер таратылып берілді.

Қарашадағы қайырымдылықтан дін қызметінде жүрген имамдар да тыс қалмады. Ауданға қарасты мешіт қызметінде жүрген имамдардың балаларына қыстық киімдер тарту етілді. 40 бала толықтай қыстық киімдер алып қуанды.

«Шариф» мешітінде қараша айында әлуметтік аз қамтылған 31 отбасыға қайырымдылық жасалды. «Зейнетулла ата» мешітінде ауданға қарасты мешіттерде қызмет жасайтын 10 найб имамға бір айлық азық-түлік берілген болатын.

«Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасы аясында қараша айында Тұздыбастау ауылында 100 қап көмір әлуметтік аз қамтылған отбасыларға берілді.

Мешіттерден ұдайы жәрдем алып тұратын тұрғындар мешіт имамдары мен кәсіпкерлерге өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру