Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: 333-баспана көпбалалы анаға берілді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 29.11.2020 2443 0 пікір
Қызылорда: 333-баспана көпбалалы анаға берілді
ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Сырдария аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен кезекті мұқтаж отбасыға салтанатты түрде пәтер кілтін табыстау шарасы өтті.
 
Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барған бас имам Болатбек Абуов бүгінге дейін өз үйлері болмай, жалдамалы пәтерді паналап келген көпбалалы жалғыз басты анаға кілт табыстап, жаңа қонысына кілем сыйлады. Мешіт имамдарының ұйытқы болуымен №333 пәтерге ие болған батыр ана демеушілік жасаған жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт жамағатына ризашылығын жеткізді.
 
Айта кетейік, «Ел үлесі пәтерге» республикалық жобасы аясында биыл жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша 18 отбасы баспаналы болды.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру