Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: «Сұлтанбек Қожанов» мешіті ашылды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 26.11.2020 3078 0 пікір
Түркістан: «Сұлтанбек Қожанов» мешіті ашылды

Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты С.Қожанов ауылында ескі ғимараты сүріліп, жаңасы салынған «Сұлтанбек Қожанов» мешіті пайдалануға берілді.

Жаңа нысанда ерлер мен әйелдерге арналған бөлек-бөлек намазхана, дәретхана, асхана орналасқан. Қос мұнаралы мешіт қазақы нақышта әрленді.

Құрылысы екі жылда аяқталған мешіттің ашылуына Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді қатысып, демеушілерге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, бас имам мешіт жанынан бой көтеретін қайырымдылық мекемесінің алғашқы капсуласын салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру