Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдардың есебі тыңдалды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 26.11.2020 804 0 пікір
Шымкент: Имамдардың есебі тыңдалды

Шымкенттегі орталық «Halifa Al-Nahaiаn Aqmeshiti» мешітінде ҚМДБ  аудан имамдарының жыл бойы атқарылған іс-шаралаға байланысты есебі тыңдалды.

Кеңейтілген мәжілісті Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов жүргізді. Қаланың Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау  аудандарының есебі 12 сала бойынша балдық көрсеткіш арқылы бағаланды. Нәтижесінде барлық талаптар бойынша әл-Фараби ауданы үздік атанды. Тұңғыш рет жүзеге асырылған жобаны наиб имам Мұхамеджан Естеміров пен қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы жасап, таныстырды. 

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов шаһардың дербес қала мәртебесіне сәйкес өкілдіктің жаңа құрылымы таныстырылды. Және қорытынды есеп нәтижесі бойынша  деструктивті діни ағымдар өкілдерімен жеке және жалпы кездесу, діни оңалту жұмыстары, шариғат және пәтуа беру жұмыстары, онлайн уағыз-насихат және қайырымдылық бағыттарындағы жұмыстарды күшейту туралы нақты тапсырма берді. 

Жиын соңында қорытынды есеп нәтижесі бойынша жыл бойы үздік қызмет атқарған бірқатар мешіт имамдары ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан шипажайға жолдама алып, алғыс хатпен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі