Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Мешіт қызметкеріне баспана берілді

muslim.kz 26.11.2020 832 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Мешіт қызметкеріне баспана берілді

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Раиса ана» мешітінің қызметкері Ержігіт Бөрібековтің отбасы үшін ерекше қуанышты күн болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қоры жариялаған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мешіт қызметкеріне баспана беріліп, жас отбасы көптен күткен арманына қол жеткізді.

Сауапты шараға ұйытқы болған Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің қызметкерлері Ержігіт Артықбайұлының жаңа шаңырағына құттықтау айтып, қуанышымен бөлісіп қайтты. Елоданың бас имамы Ерболат Жүсіпов өкілдік атынан баспана кілтін табыстап, ізгі тілегін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі