Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Адал ас – халық таңдауы» семинары өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 25.11.2020 570 0 пікір
БҚО: «Адал ас – халық таңдауы» семинары өтті

ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» ЖШС-нің БҚО бойынша өкілі Асхат Асылбековтің бастамасымен Орал орталық мешітінде «Адал ас – халық таңдауы» атты семинар өтті.

Алдымен облыстық орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаев сөз алып, семинарға қатысып отырғандарға сәтттілік тіледі. «Халал даму» ЖШС-нің БҚО облысы бойынша өкілі Асхат Асылбеков семинарда адал астың пайдасы, сақтану жолдары турасында насихат айтылды.

Жиналғандар Асхат Асылбекұлына толғандарған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.

Семинарға дін істері басқарманың өкілдері, қала тұрғындары, мен мешіттің ақжаулықты әжелері қатысты.

Орал қаласындағы кәсіпкерлерге халал сертификатын алу жолдары түсіндіріліп, тағамдары үнемі тексеруде болатындығы да ескертілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі