Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Шипажайға жолдама берілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.11.2020 2638 0 пікір
Шымкент: Шипажайға жолдама берілді

Шымкент қалалық орталық мешітінде жыл бойы үздік қызмет атқарған бірқатар имамдар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатына ие болды.

Мәжіліс барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, марапат иелерін құттықтады. Атап айтқанда, «Халал Дамудың» Шымкент қаласындағы жетекшісі Қазыбек Сарыбаев,  Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов және «Мейірман» мешітінің имамы Дәуренбек Тасқараевтқа «Арыс» және «Ақсу Жабағылы» шипажайына екі кісілік жолдама табыс етілді.

Сонымен қатар деструктивті діни ағымдармен өкілдерімен жеке және жалпы кездесу ұйымдастырған, діни оңалту жұмыстары, уағыз-насихат және қайырымдылық бағыттары бойынша үздік нәтиже көрсеткен 10 имамға алғыс хатпен бірге 30 мың теңге сыйақы табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру