Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Жаңа мешіттегі жүздесу

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.11.2020 2350 0 пікір
Қарағанды: Жаңа мешіттегі жүздесу

Қарағанды облысы Октябрь ауданындағы жаңадан ашылған «Төлеутай ата» мешітінің бас имамы Сайлау Жұмағұлұлы жамағатпен жүздесті.

Кездесу барысында Сайлау Жұмағұлұлы жаңа мешітке қадам басып келген жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізді.

Бас имам сондай-ақ қазіргі карантин жағдайына байланысты мешіттің жаңа талаптары мен санитарлық ережелерін қатаң сақтауға шақырып, сақтық шараларын түсіндірді.

Айта кетейік, Сайлау Жұмағұлұлы бұған дейін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанындағы Олжас Есенұлы атындағы діни сауат ашу және қайырымдылық орталығында шәкірт тәрбиелеп, Ислам дінінің өңірімізде өркен жаюына үлес қосты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру