Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы аймағы: Жастарға арналған семинар өтті

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.10.2020 2281 0 пікір
Алматы аймағы: Жастарға арналған семинар өтті

ҚМДБ-ның Алматы аймағы бойынша облыстық «Қарасай батыр» мешітінің ұйымдастыруымен Қарасай ауданы, Шамалған ауылы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Иманды жастар – елдің болашағы» атты семинар өтті.

Жиынға өкілдіктің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы, «Жастар ісі» бойынша жауапты қызметкер Нұрбол Мақсұтұлы және колледж студенттері қатысты.

Алғы сөзді бастаған бас имам, ең алдымен, колледж студенттерін қасиетті Мәуліт мейрамымен құттықтап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі жайында уағыз айтып, жоғары білімді және иманды жастар ел болашағы үшін адал қызмет атқарып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен асыл дініміздің құндылықтарын, бауырмалдық пен парасаттылық қасиеттерін насихаттау қажеттігін атап өтті.

Семинар барысында Нұрбол Мақсұтұлы жастар қауымына уақытты тиімді пайдаланып, оқуда озат және өзара сыйласып, бір-бірімен туған бауырдай болып, жақсы діни білім алып, болашақта абыройлы маман болуға ұмтылу керектігін баяндады. Жиын соңында Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылып, ел есендігі үшін дұға жасалынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру