Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Боралдай» елдімекенінде құдық пайдалануға берілді (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 29.10.2020 615 0 пікір
Алматы: «Боралдай» елдімекенінде құдық пайдалануға берілді (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы өкілдігі атынан Алматы облысы, Іле ауданына қарасты «Боралдай» елдімекеніне жаңа құдық пайдалануға берілді.     

Ашылу салтанатына Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы, Алматы қаласы Алатау ауданының бас имамы Мади Ахметов және «Боралдай» елдімекенінің тұрғындары қатысты.

19 метр тереңдікте қызылған бұл құдық Алматы қаласы мешіттерінің, атап айтқанда, Алатау ауданы мешіттерінің жамағаты мен жомарт жандардың ұйымдастыруымен қазылып, ел игілігіне берілді.

Ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай ең алдымен, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, дініміздегі құдық қазудың сауабына тоқталып өтті. Сондай-ақ, «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында игі іске мұрындық болған азаматтарға алғыс білдірді. 

  

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі