Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Онлайн семинарда оңалту мәселелері қаралды

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 29.10.2020 2326 0 пікір
Павлодар: Онлайн семинарда оңалту мәселелері қаралды

Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті өңірдегі Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен бірлесіп «Деструктивті діни ағымдардың жолын қуушыларды оңалтудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық теологиялық онлайн семинар өткізді.

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратовтың модераторлығымен жүргізілген семинарда Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Зәкәриянов «Қазақстанның дін саласындағы заңнамасының жаңартылуы», Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы, сарапшы Бауыржан Отарбаев «Атаулы жұмыс өткізу кезінде мадхалиттармен жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі. Ал Медина Ислам университетінің түлегі Дмитрий Терновой «Мадхалиттер. Қалыптасуы мен ерекшеліктері», ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев «Салафия ағымындағы матхалиттік бағыт. Мадхалиттермен өткізілетін жұмыстың әдістері» тақырыптарда дәріс оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Басқосудың негізгі мақсаты теологтар және ЖАНТ, РАНТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жат ағым жолындағыларға тікелей немесе жанама әсер ету арқылы ғаламтор желісінде қарсы насихат жұмысының мүмкіндіктерін пайдалана білу тәсіл-тәжірибелерді ортаға салу болды. Семинарға дін өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, ДІБ және КММ мамандары және өңірдегі ЖАНТ, РАНТ мүшелері қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру