Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Ұлытауда «Абай оқулары» өтті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 29.10.2020 2488 0 пікір
Абай-175: Ұлытауда «Абай оқулары» өтті

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен, Ұлытау ауданы мешітінде оқушылар арасында «Абай оқулары» өтті.

Байқауға қатысушы оқушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, сайысқа түсті. Нәтижесінде жүлделі 1-орынды Алишер Махмудов, 2-орынды Көркемай Тұрлыбай, 3-орынды Нұртөре Шабаз мен Кәусар Қайратқызы иеленді. Ал ең жас қатысушы Анар Тұрлыбай көрермен көзайымы атанды. Жүлделі орынға ие болған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар пен марапаттау қағаздары табысталды. Барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы сыйға берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру