Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Қайырымды жанға құрмет көрсетілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 28.10.2020 2605 0 пікір
Маңғыстау: Қайырымды жанға құрмет көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өңірлердегі қайырымдылық акцияларының саны артып, қайырымды жандарды қолдау іс-шаралары ұйымдастырылуда.

Осыған орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ерекше кездесу өтті. Маңғаз Маңғыстау өңірі қашанда қайырымды және дархан пейілді азаматтарға кенде емес. Олардың бірін білсек, бірін білмейміз. Ақтау қаласының тұрғындарына жария қайырымдылығымен танымал Алсұлу Алхамқызы Утешқалиева – солардың бірі.

Жасап жатқан жақсылығын жарнамалайтын әдеті жоқ, десе де, оның атқарып отырған ізгі істерінің көлемі кімді болсын таңқалдырары сөзсіз. Алсұлу ханым еріктілік қызметтен бөлек, мұқтаж жандар үшін әр жұма сайын «Бір асым ет» қайырымдылық акциясын өткізеді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген аталы сөзге сай, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Рабия» ет дүкенінің иесі Алсұлу Алхамқызымен арнайы кездесіп, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіп келе жатқан қайырымдылығы үшін рахметін айтып, өкілдік атынан алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады.

«Адамның емес, Алланың разылығын ойлайтын өзіңіздей қайырымды жандарға Алла разы болсын! Алла сізге дініміздің, халқымыздың және Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істеуге күш-қуат берсін. Раббымыз отбасыңызға екі дүние бақытын нәсіп етсін», деді бас имам кездесу барысында.

Аталмыш кездесуге әйел-қыздар секторының Маңғыстау облысы бойынша жетекшісі Ақмарал Сисембайқызы қатысып, Алсұлу ханымға гүлшоқтарын сыйлады. Кездесу соңы бас имамның ақ батасымен түйінделді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру