Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: 8 дана оттегі концентраторы сыйға берілді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 27.10.2020 539 0 пікір
Павлодар: 8 дана оттегі концентраторы сыйға берілді

Айтып келмейтін індеттің алдын алу мақсатында Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен Түркия мемлекетінен келген 8 дана жасанды демалдыру концентраторы мен 80 дана қысым өлшейтін құрылғылар облыс ауруханаларына жеткізілді.

«Жаз мезгіліндегі ауыр пандемия кезінде ҚМДБ-ның «Зекет» қорының бастамасымен «Өмірге үміт сыйла!» науқаны аясында облыс мешіттерінің жамағаты, кәсіпкерлер, ұйым-мекемелердің қолдауымен 3,0 млн-ға жуық қаражат жиналды. Әсіресе, сол кезде Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеттің тізгінін ұстаған Алтынбек Нұқұлы ағамыз ерекше қолдау көрсеткен еді. Осы қаражатты ақылдаса келе Түркия мемлекетіне аударып, бүгін, міне, Түркиядан кедендік рәсімдеу, жеткізу шығындары, әртүрлі сараптамалардан өткізу арқылы облысымызға 8 дана жасанды демалдыратын концентратор (ИВЛ), 80 дана аксометр аппарат жеткізілді. Аппаратураларды Екібастұз, Ақсу қалалары және облыс орталығындағы емханалар, кейбір аудан ауруханаларына «Зекет» қорының өкілдері сұраныс бойынша жеткізіп береді. Бұл біздің облыстық мешіттер жамағаты және ҚМДБ «Зекет» қорының халқымызға ұсынып жатқан әртүрлі қайырымдылық көмектерінің бір парасы болмақ» - дейді Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі