Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе имамдары біліктілікті арттыру семинарына қатысты

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 27.10.2020 2400 0 пікір
Ақтөбе имамдары біліктілікті арттыру семинарына қатысты

«Ақтөбе медресе» колледжінің оқу ғимаратында Ақтөбе облысы Дін істер басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі деструктивті діни ағымды ұстанушылар арасында оңалту жұмыстарын жүргізетін имамдар мен теологтарға арналған семинар өтті.

Діни қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған 2 күндік семинарда «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстаздары PhD докторы Азамат Жамашев және докторант Нұржан Стамбакиев лекция оқыды.

Жат ағыммен күресте Әбу Ханифа мәзһабының ұстанымы мен негізгі дәлел көздерінің бірі болып табылатын хадис ғылымының шығу тарихы айтылды. Сондай-ақ, Ханафи және басқа мәзһабтардың хадис талдаудағы методологияларының айырмашылығы талданды.

Сонымен қатар, «Намаз оқымайтын адамның үкімі», «Исламдағы жиһад ұғымы», «Сахих және әлсіз хадиспен амал етудің ғылыми түсіндірмесі» және «Мәзһаб ұстану мәселесі» секілді тақырыптары кеңінен түсіндірілді.

Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан имам-теологтарға арналған семинарлардың жиі өткізілуінің маңызды екеніне тоқталып, аталмыш семинарды ұйымдастырған Дін істері басқармасының басшылығына және оқыту семинарын «Ақтөбе медресе» колледжінің базасында өткізуге ұйытқы болған білім ордасы басшылығына алғысын білдірді.

Семинардың соңғы күні Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев семинар қатысушыларына сертификат табыстап, облыстағы діни тұрақтылық жолында атқарып жүрген қызметтеріне сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру