Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам жүлдегер қаримен жүздесті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 27.10.2020 2564 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам жүлдегер қаримен жүздесті

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы 21-22 қазан күндері елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай өткен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқаудың ІІІ орын жүлдегері Ығылман Мұхаммедпен арнайы кездесу өткізді.

Аталмыш байқауда қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың ішінде «10 пара» бойынша жүлделі үшінші орын Маңғыстау медресесінің шәкірті Ығылман Мұхаммед Владимирұлына бұйырған болатын.

Әңгіме барысында бас имам Ә.Ізімбайұлы Мұхаммед қаридың ұстаздарының ерекше еңбегін атап өтіп:

«Құран – Алланың сөзі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде: «Сіздердің ең жақсыларыңыз – Құранды үйренгендеріңіз және өзгеге үйреткендеріңіз», – деген. Құранды жатқа оқудан алдыңғы жылдары өткен республикалық сайыстарда маңғыстаулық Нағим қари мен Сақи қарилар бас жүлдені иеленген болатын. Сізге сол қарилардың жолын берсін», деді.

Өз кезегінде Мұхаммед қари Құран жарысының өте жоғары деңгейде өткендігі мен әр қатысушының тыңғылықты дайындығын тілге тиек етті. Бас имамның «Биылғы жарыстың ерекшелігі неде?», деген сұрағына:

«Өз өңірлерінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып оза шапқан қатысушылардың қатысуы, сондай-ақ, жылдан жылға Құран жарыстарына жас бүлдіршіндердің көптеп қатысуын айтуға болады. Осы жылғы жарысқа қатысқан ең жас бүлдіршін 8 жаста ғана екен. Аллаға шүкір, аталмыш жарыстар еліміздегі қарилар санының артуына өз септігін тигізіп жатыр», дей келе Мұхаммед қари келер жылы өтетін X республикалық Құран жарысына 20, 30 пара бойынша дайындалуға уәде берді.

Айта кетейік, Мұхаммед қари бұған дейін де түрлі халықаралық (2017 жыл, Түркия), аймақтық деңгейдегі Құран жарыстарына қатысқан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру