Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Аудан имамы марапатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 17.10.2020 2459 0 пікір
ШҚО: Аудан имамы марапатталды

«Рухани келісім күні» қарсаңында Шемонаиха ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жиын болып өтті. Шараға Шемонаиха ауданының бас имамы Ибрагим Екінбайұлы және әкімдік қызметкерлерімен қатар діни бірлестік жетекшілері қатысты.

Басқосуда Ибрагим Екінбайұлы сөз сөйлеп, рухани келісімнің маңызына тоқталды.

«Исламда өзге дін өкілдеріне құрметпен қарауды өсиет еткен. Рухани келісімнің маңызы айырықша. Қоғамда рухани келісім болмаса татулық пен тыныштық орнауы күрделі болар еді. Еліміздегі баянды бейбітшілік сол Елбасымыздың саясатымен келе жатқан дінаралық татулықпен ынтымақтың арқасы. Ұлы Абай атамыз Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп деген өсиеті арқылы татулықты насихаттаған» деді бас имам.

Жиын барысында Ибрагим Еркінбайұлы және бірқатар діни бірлестік жетекшілері аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Бұл марапат дін өкілдеріне руханият саласындағы ерен еңбегі мен дінаралық тұрақтылықты дамытуға қосқан үлестері үшін берілді» деп атап өтіп, мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру