Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Имамдар балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 17.10.2020 558 0 пікір
Қарағанды: Имамдар балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО)

Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық мешітінің ұйымдастыруымен игі шара жүзеге асты. 

Атап айтқанда, Қарағанды обылысы білім басқармасының №8 және сөйлеу қабілеті өте төмен балаларға арналған №5 мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі балалар Теміртау орталық мешітінде арнайы қонақ болды.

Берекелі іс-шара барысында жеткіншектерге және тәрбиешілеріне арнайы мерекелік дастархан жайылып, балаларға сыйлықтар үлестірілді. Мешіттің бас имамы Естай Айтуғанұлы мерекелік дастархан басында ата-аналарға өзінің игі тілегі мен ізгі лебізін білдірді. 

«Әрбір балаға мейірім таныту, басынан сипау, махаббатын арнау, олардың тәрбиесіне, өсіп жетілуіне, қалыптасуына тұрақты көңіл бөлу – қасиетті дінімізде әрбір мұсылманның парызы, әрі сауабын арттыратын игі іс» деп атап өтті Естай Айтуғанұлы. 

Бас имам жеткіншектерді тәрбиелеп отырған ата-аналарға алғыс хат табыстап, шара соңында Құран оқылдып, бата берілді. Сауапты һәм берекелі шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына дән риза болған тәрбиешілер алғыстарын жеткізіп, қуанышты күйде тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі