Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құнанбай қажы мешітіне реставрация жасалуда

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.10.2020 3029 0 пікір
Құнанбай қажы мешітіне реставрация жасалуда

ҚМДБ-ның 30 жылдығы құрметіне атқарылатын 30 игі шара бастамасы аясында Қарағанды обысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен Қарқаралы ауданындағы Құнанбай қажы мешітіне қалпына келтіру жұмыстары, яғни реставрация жасалып жатыр.

Құнанбай қажы мешіті – еліміздегі жалпыұлттық қасиетті нысандар мен кешендер тізіміне енген тарихи, әлеуметтік маңызы зор нысан. Мешіттің салынуына 1849-1853 жылдары Қарқаралы округінің аға сұлтаны Құнанбай Өскенбайұлы (Абайдың әкесі) зор еңбек сіңірді. Сондықтан бұл мешіт Құнанбай қажы мешіті атанып кетті. 160 жылдан астам тарихы бар Құнанбай қажы мешіті бүгінде өткен ғасырдан көрініс беретін діни орын ғана емес, ұлы тұлғалар өмірінен сыр шертетін бірегей құрылыс нысаны болып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру