Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Тасқала ауданында оқыту семинары өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 28.09.2020 2530 0 пікір
БҚО: Тасқала ауданында оқыту семинары өтті

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен «Руханият» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тасқала ауданында ауыл молдаларының білімін  жетілдіріп, біліктілігін шындау мақсатында 3 күндік оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинарға Орал орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Бақытжан Сабралиев қатысып, ауыл молдаларына асыл дініміз, Құранды дұрыс оқу, жаназа рәсімі жөнінде дәріс оқыды.

Дін жолында қызмет етіп келе жатқан әрбір азаматқа асыл дініміздің абыройын арттыру жолында аянбай тер төгу керектігін түсіндірді. Оқыту семинарының соңында имам-молдаларға сертификат табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру