Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Ауыл имамына жеке баспана берілді (ФОТО)

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 27.09.2020 2868 0 пікір
Ақтөбе: Ауыл имамына жеке баспана берілді (ФОТО)

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Бас мүфтидің үндеуіне үн қоса отырып, ауыл имамдарын қолдау мақсатында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылының имамы Әділет Маусымовқа Жем қаласынан 3 бөлмелі жеке баспана тарту етілді.

Қаражат ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен жиналған. Бұл – ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен сыйға берілген еліміз бойынша 277-ші, ал Ақтөбе облысы бойынша 12-ші баспана.

Бірнеше айдың көлемінде имамға қуаныш сыйлап отырған бұл жоба әрі қарай жалғасын таппақ. ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігіне қарасты имамдар жыл соңына дейін жамағаттың атсалысуымен облыстың басқа аудандарында мұқтаждарға баспана алып беруді жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру