Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Ұлан ауданына жаңа имам тағайындалды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 24.09.2020 2966 0 пікір
ШҚО: Ұлан ауданына жаңа имам тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің бас имамы қызметіне Зауатбек Сайлау тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин жаңа тағайындалған бас имамды Ұлан ауданы дін қызметкерлеріне таныстырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің тағайындау туралы бұйрығын оқып берді.

Бірінші наиб имам өз сөзінде: «Қазіргі таңда кері ағымдармен күресті пәрменді жүзеге асыру, халықтың діни сауаттылығын арттыру, асыл дініміздің жауһар құндылықтарын кең көлемде насихаттау барлық имамдардың негізгі міндеті ретінде күн тәртібінде тұр. Сондықтан басты бағыттарды мүлтіксіз жүзеге асыру үшін жаңа тағайындалған Зауатбек Сайлауұлына зор сенім жүктеп отырмыз» деп атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі.

Зауатбек Сайлауұлы облыстық дін саласына қатысты мемлекеттік мекемелерде қызмет қызмет етті. 2015 жылдан бері Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру