Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 1000-ға жуық діни сұраққа жауап берді

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 19.09.2020 2288 0 пікір
Ақтөбе: 1000-ға жуық діни сұраққа жауап берді

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен облыстық мешіттерде онлайн дәрістер кестесі бекітілді. Сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы діни сұрақтарға жауап беру де қолға алынған болатын.

Ақтөбе өкілдігі телеграмм әлеуметтік желісінен жыл басында «Сұрақ-Жауап» алаңы атты парақша ашқан болатын. Қазіргі таңда аталған парақшаға 1148 адам тіркелген. Қаңтар айынан бері бекітілген діни мамандар 997 сұраққа жауап берді. Бұл жөнінде Бас имам Төлеби Оспан телеграмм парақшасында күн сайын діни сұрақтарға жауап беруге бекітілген имамдармен өткен кездесуде мәлімдеді. Жұмысты жетілдіру мақсатында олардың жаңа құрамын бекітті.

«Сұрақтарды күттірмей, халыққа дер кезінде жауап беру өте маңызды болып отыр. Өйткені қазір мешіттерде уағыз айту уақытша тоқтатылды. Насихат жұмыстары онлайн фарматқа ауыстырылды. Бірақ діни сұрақ мазалаған адамдар жауабын бәрібір алғысы келеді. Сосын басқа ақпарат көздерінен іздейді. Сол себепті, біз діни сұрақтарға онлайн түрде жауап беріп, олардың өтінішін қанағаттандыруымыз қажет» деді Төлеби Оспан.

Имамдар сұрақтарға жауап беру кезінде Ханафи мәзһабының еңбектері мен пәтуаларын, ҚМДБ пәтуаларын және ел заңнамаларын басшылыққа алады. Күрделі сауалдар мен неке, талақ мәселелері ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандарына жолданады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру