Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Ауыл ауруханасына 10 оттегі концентраторы жеткізілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 17.09.2020 550 0 пікір
Түркістан: Ауыл ауруханасына 10 оттегі концентраторы жеткізілді

Түркістан облысы, Сайрам ауданы имамдарының ұйымдастыруымен көршілес Түлкібас ауданы Састөбе ауылдық ауруханасына 10 оттегі концентраторы тарту етілді.

Демеушілердің аманатын ауданның бас имамы Сейдахмет Темірбек өзі жеткізіп берді. Аурухана бас дәрігері ауылға күтпеген жаңалық болғанын айтып, имамдарға ризашылығын білдірді.

Бұл ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан  «Өмірге үміт сыйла»акциясының аясында берілді. Сайрам ауданының имамдары мен жамағаты осымен төртінші ауруханаға жалпы саны 40 аппарат алып берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі