Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Құдайы ас орнына қайырымдылық жасады

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 17.09.2020 2405 0 пікір
Семей: Құдайы ас орнына қайырымдылық жасады

ҚМДБ-ның Семей «Қос мұнаралы» орталық мешітінде қала тұрғыны Мұрат Құрметұлы Әубәкіровтің дүниеден қайтқанына 1 жыл толуына орай қайырымдылық іс-шара өтті.

Қазіргі карантин жағдайына байланысты Мұрат Құрметұлының отбасы үлкен ас беруден бас тартып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып берді. 

Қайырымдылық шара барысында жағдайы төмен, көпбалалы 100 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Онда ұн 5 кг, май 5 литр, қант 5 кг, шәй, күріш 5 кг, макарон 5 кг, қарақұмық 2 кг және медициналық бетперде, қолғап берілді. Жалпы, бір отбасыға шаққанда 9000 (тоғыз мың) теңге көлемінде  қаржы жұмсалды. 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалының барлығы үзіледі (тоқтайды), тек үш түрлі амалы үзілмейді: жария берген садақасы, артынан қалдырған пайдалы ілімі немесе оған дұға жасайтын салиқалы ұрпағы» делінген. 

Көмек алған жандар ризалықтарын білдіріп, жомарттық жасаған азаматтарға да алғыстарын айтып, көңілді күймен тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру