Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Наиб имамдар – Бұқар жырау ауданында

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 17.09.2020 2512 0 пікір
Қарағанды: Наиб имамдар – Бұқар жырау ауданында

Ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлының тапсырмасымен облыс наиб имамдары Хумар Қоныскерей және Талғат Ильмеев Бұқар жырау ауданына қызметтік іс-сапармен арнайы ат басын бұрды.

Ауданға қарасты барлық мешіттердің дін қызметкерлерімен жиын ұйымдастырылып, мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты. Жұмыс барысын пысықтап, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген.

Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, аттан түспей, өңірдегі ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген аппарат басшысы Хумар Қоныскерей алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік тілеп қайтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру