Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Екі шағын көпір іске қосылды (ФОТО)

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 17.09.2020 2906 0 пікір
Павлодар: Екі шағын көпір іске қосылды (ФОТО)

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті мен Баянауыл ауданы «Мұса мырза» мешітінің ұйымдастыруымен Баянауыл ауданының орталығына және Торайғыр ауылында жаңа көпір ел игілігіне беріліп, ашылу рәсімдері жасалды.

Шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Баянауыл ауданының бас имамы Саян Кожин және мешіт жамағаты, ауыл азаматтары қатысты.

Көпірлердің бірі ауыл арасындағы көктемгі қар суы, балшық-батпақ кезінде, жазда бірнеше күн қатар болатын Баян тауының нөсерге тола күндерінде мектеп балаларының жүріп тұруына және ауыл-үйаралық өзара қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Бұл көпірді Баянауыл ауданына қарасты мешіт имамдары өз күштерімен орнатып ауыл халқына сыйға тартты.

Ал келесі шағын көпір Торайғыр ауылында пайдалануға берілді. Көпірді облыс орталығындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ұжымы Торайғыр аулының әсем табиғаты аясына демалуға келушілердің таудан ағатын жайылма бұлақтардан кедергісіз өтуіне қолайлы жерге орналастырып берген болатын.

Жаңа көпірлердің ашылуына қатысқан елдімекен тұрғындары осы игі шараның бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына көп-көп ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру