Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Әлеуметтік желі белсенділеріне арналған семинар өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 15.09.2020 2477 0 пікір
Ақтөбе: Әлеуметтік желі белсенділеріне арналған семинар өтті

Жуырда ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде өңірдегі әлеуметтік желіде белсенді қызметкерлерге арналған оқыту-семинары өтті.

ҚМДБ-ның басты бағыттарының бірі – үгіт-насихат арқылы ел тұрғындарын дұрыс діни ақпаратпен қамтамасыз ету. Бас мүфти де еліміздегі карантин жағдайының жалғасуына байланысты имамдарға әлеуметтік желіде белсенді болу керектігін ескерткен еді.

Осыған орай өткен семинарда Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан бүгінгі таңда ғаламторда белсенділікті арттырудың қаншалықты қажет екенін атап, діни басқарма материалдарын бөлісудің тиімді тәсілдерін таныстырды.

Елуден астам дін қызметкерінің басы қосылған алқалы жиынға ҚМДБ-ның «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Бектазинов Марат онлайн түрде эфирге қосылып, әлеуметтік желідегі діни насихаттың мән-мақсатын түсіндірді.

«Құрметті ақтөбелік әріптес имамдар! Қазіргі карантин жағдайына байланысты әлеуметтік желілер біз үшін онлайн-мінберіміз болып отыр. Халқымызды діни ақпараттандыру үшін аталмыш насихат кеңістігін пайдалана білуіміз қажет. Алла қаласа бұл кезеңдер де өтеді. Алайда үйде отырған халық рухани жұтаңдап қалмас үшін оларға үздіксіз үгіт-насихаттарымызды жеткізуге сіз бен біздің жігер-ықыласымыз керек», - деген М.Дәлелханұлы дін қызметкерлерін ғаламтор алаңында жауапкершілікпен жұмыс істеуге шақырды.

Оқыту-семинарында ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері және РАНТ мүшелерінің ҚМДБ-ның YouTube каналдары (Хикмет студиясы, Муфтият ҚМДБ) мен Instagram (@hikmet.tv және @muftiyatkz) парақшаларында тікелей эфирде жүргізіп жатқан онлайн дәрістерді, жалпы діни контенттерді облыс мешіттерінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде бөлісіп, жергілікті жамағатқа жеткізіп отыру керектігі баса айтылды. Өйткені, карантин кезінде діни сұрақ мазалаған адамдар бәрібір сұрақтың жауабын іздейді. Осылайша теріс ақпарат көздеріне тап болуы мүмкін. Сондықтан сенімді діни мәлімет тарататын Мүфтияттың онлайн дәрістерін ел ішінде насихаттау маңызды.

Семинарда әлеуметтік желіні пайдалану ережелерінен бастап, әдебі мен әлеуетін қоса түсіндірген облыстың бас имамы Төлеби Дәділұлы қала, аудан және ауыл имамдарының әлеуметтік желі парақшаларына шолу жасап, жұмысты жетілдіру жолдары пысықталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру