Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Жас дін мамандарымен кездесу өтті

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 14.09.2020 508 0 пікір
Ақтөбе: Жас дін мамандарымен кездесу өтті

Биыл діни оқу орнын сәтті тәмамдап, Бас мүфти бұйрығымен Ақтөбе мешіттерінде қызметке кіріскен жас діни мамандармен «Нұр Ғасыр» мешітінде кездесу өтті. Кездесуге облыстың бас имамы Төлеби Оспан мен орталық мешіттің наиб имамдары қатысты. 

Басқосуда мешіт қызметінің жауапкершілігі, имам этикасы, уағыз-насихат айту кезінде аудиторияға сай сөйлей білу, әлеуметтік желіде белсенді болу секілді мәселелер сөз болды. Діни сұрақтарға жауап беру кезінде ҚМДБ пәтуалары мен мәлімдемелерін басшылыққа алу керектігі айтылды. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты мешіттерде санитарлық талаптарды сақтау және діни басқарма бекіткен талаптардың орындалуын қадағалауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мүфтияттың қолдауымен Нұр-Мүбарак университетінің 9 түлегі және медресе-колледждердің 9 шәкірті Ақтөбе облысындағы мешіттерге жұмысқа орналасқан болатын. Бір қуантарлығы – барлығы да жергілікті Ақтөбенің тумалары. Бұл өз кезегінде діни кадрлардың тұрақты қызмет етуіне мүмкіндік бермек. Ақтөбе облысындағы мешіттерде биыл діни білімі жоғары және орта діни мамандардың көрсеткіші 76 пайызға жетіп отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі