Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАҢААРҚА АУДАНЫНА 7 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ ЖОЛ ТАРТТЫ

ҚМДБ "Зекет" қоры 10.09.2020 2949 0 пікір
ЖАҢААРҚА АУДАНЫНА 7 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ ЖОЛ ТАРТТЫ

Бүгін Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылының жүрегі жомарт, жанашыр азаматтарының қолдауымен 7 оттегі концентраторы алынып, аталған аудан мен ауылдың ауруханаларына жол тартты.

Сауапты шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла!» акциясы аясында өткізілді.

Айта кетейік, елдегі пандемияға байланысты ауруханаларда шыбын жанын шүберекке түйіп, тынысы тарылған науқастарды қолдау мақсатында «Зекет» қоры «Өмірге үміт сыйла!» акциясын жариялаған болатын. Шілде айында басталған акция аясында күні бүгінге дейін еліміз бойынша мыңға жуық оттегі концентраторы мен бірнеше ИВЛ аппараты алынып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауруханаларға жеткізілді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру