Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 22:22:18

17 Тамыз 2026

4 Рабиғул әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Тараз: Бас имам жұмыс жүргізудің жаңа тәсілін ұсынды

Тараз: Бас имам жұмыс жүргізудің жаңа тәсілін ұсынды

аsyldin.kz 28.08.2020 3540 0 пікір
– | A | +
Тараз: Бас имам жұмыс жүргізудің жаңа тәсілін ұсынды

Енді Жамбыл облысының дін мамандары ҚМДБ бекіткен әр бағытқа ерекше көңіл аударып, апта сайын жетістік көрсеткішін арттыратын болады. Кез келген істі жүргізудің әдісі, өзіндік методикасы болады. Ал үздік амал нәтижелі жұмыс кепілі емес пе? Міне осы мақсатта мешіт жұмысын белсенді атқарып, әр бөлімге ерекше мән беру, көңіл бөлу, оны ары қарай дамыту мақсатында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев өз ұжымына жаңа жұмыс жүргізу тәсілін ұсынды.

Бас имамның айтуынша, әрбір апта белгілі бір бағытқа негізделеді. Мәселен, осы апта "Уағыз-насихат" аптасы болса, келер апта "Баспасөз және интернет", оның арғы аптасы "Діни білімге" бағытталады. Осылайша әр апталықта әдетте атқарылып жатқан жұмыстарды тоқтатпай жалғастыра отырып, белгіленген бөлімнің қызметіне аса зер салып, дамуына жұмыла атсалысады.

Бұл ұсыныс бірауыздан қолдау тауып, өкілдік бұл әдісті іс жүзінде бастап кетті. Осылайша, алдағы апта "Халал" аптасы деп жарияланды. Имамдар "Халал стандартымен" бірлесе жұмыс жасап қана қоймай, БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, мақалалар жариялап, халыққа кеңінен насихат жұмысын жүргізіп, науқандарды ұйымдастыруда. Бір жеті бойы жасалған жұмыс әр дүйсенбіде өтетін облыстық мешіт жиналысында қорытындыланады.

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бұл бастама жұмыстың сапалы болуына қызмет етеді деген үміт бар. Ал келесі аптада Жамбыл мешіттері қай бөлімнің дамуына күш салатынын төмендегі кестеден көріңіз. "Айла алтау, ақыл жетеу – айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу" деп жаңа қарқынмен іс бастаған мешіт қызметкерлеріне жеміс тілейміз!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026 2869
БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

13.08.2026 499
Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

Петропавл қаласы маңындағы мұсылман зираттарынан Qamqor-Sharapat орталығына жер секторлары бөлінбек

13.08.2026 466
Петропавл қаласы маңындағы мұсылман зираттарынан Qamqor-Sharapat орталығына жер секторлары бөлінбек

Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

13.08.2026 255
Маңғыстауда мешіт жамағаттары арасында сапбордтан сайыс өтті

Маңғыстауда асабалармен «Той-тәрбие мектебі» тақырыбында жиын өтті

13.08.2026 470
Маңғыстауда асабалармен «Той-тәрбие мектебі» тақырыбында жиын өтті

Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.08.2026 946
Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3