Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Жанқұтты би мешіті жөндеуден өтті (ФОТО)

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі ihsan.kz 13.08.2020 621 0 пікір
Қарағанды: Жанқұтты би мешіті жөндеуден өтті (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Қарағанды облысына қарасты, Шет ауданындағы Жанқұтты би мешіті күрделі жөндеуден өтті.

Имандылық пен парасаттылыққа, сауаттылық пен адалдыққа толы «Алланың үйі» 2011 жылдан бері талай жамағатты асыл дініміздің құндылықтары мен рухани нәріне сусындатып, қызмет етіп келеді.

Бүгінде келушілер легі жетерлік. Жастардың да имандылыққа бет бұрғаны, қарттардың да азан шақырып, баталы болғаны кімді де болсын қуантары анық. Ғимараттың жөндеу жұмыстарына жауапты болып, игі істің жүзеге асуын ұйымдастырып, басы-қасында жүрген мешіт бас имамы Берік Алпысбайұлының айтуынша жөндеу жұмыстарына аудан тұрғындары мен жомарт жандар және демеушілер қолдау көрсеткен.

2020 жылдың мамыр айынан бастау алған жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Мешітке жаңа жайнамаз төселіп, люстралары жаңартылды. Ерлер мен әйелдер дәретханасы толықтай жаңартылды.

–Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай облысымызда атқарылар 30 игі іс-шара осымен тоқталмақ емес, - дейді мешіттің бас имамы Б.Алпысбайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі