Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясы ұйымдастырылуда

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 13.08.2020 664 0 пікір
Шымкент: «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясы ұйымдастырылуда

Өздеріңізге белгілі, Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан дер кезінде тиісті шаралар қабылданып, адам денсаулығы мен өмірін сақтап қалу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырылып, карантин жария етіліп, елді қиындықтан алып шығуда.

Осындай қиын сәттерде өз өмірін қатерге тігіп, адам өмірі үшін тәулік бойы күресіп жүрген бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандардың ерен еңбектерін ұмытпауға тиіспіз.

Дана халқымыз: «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, Шымкент қаласы, ШЖҚ «Т.Орынбаев атындағы гипербарилық оксигенация орталығы» МКК бас дәрігері Мәдина Ермаханбетоваға және првизорлық бөлімінің дәрігерлері Эльмира Тойбекқызы, Салтанат Ғалымжанқызына, Нұргүл Ерполат және Нарғыз ханым, Рысхан мырза, Ұлықбек мырза сынды дәрігерлерден әр адам көрген жақсылығын айтып, алғыс білдірсе, бұл – үлкен құрметтің белгісі.

Бұл – дәрігерлерді жарнамалау емес, олардың еңбегін бағалау һәм дәрігерлердің еңбектеріне мың алғыс айту парызымыз деп санаймын. Аталмыш ауруханада барлық жағдай қарастырылып, дәрі-дәмектері мен өзгеде қажетті құралдарымен қамтамасыз етілген, қиын жағдайда келгендер азаматтар аяқтап тұрып, емделіп, үйлеріне аман-есеп оралғандарын көргенде Аллаға шүкір деп айтудан басқа сөз келмейді екен.

Осы орайда, дәрігерлерді қолдау һәм еңбектеріне алғыс айту мақсатында әрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасын қолдап, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың жетекшілігімен еліміз бойынша жүргізілген «Жүрек жылуы», «Жақыныңа жанашыр бол» сынды қайырымдылық шаралар Шымкентте де ұйымдастырылып, ауруханаларға қажетті бетперделер мен оттегі концентраторы, медециналық құрал-саймандар т.б. қажетті көмектер берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі