Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Иманғали» мешіті 43 оттегі аппаратын тапсырды

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 12.08.2020 2591 0 пікір
Атырау: «Иманғали» мешіті 43 оттегі аппаратын тапсырды

ҚМДБ-ның «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында «Сәби» қайырымдылық қорының қолдауымен аймақтағы емдеу мекемелеріне оттегі аппараттары жеткізілді.

Оттегі аппараттарын Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыстады.

«Жасанды оттегі аппараттары Атырау облыстық кардиологиялық орталығына, Махамбет ауданына, Индер ауданына қарасты Есбол, Өрлік ауылдарына, Құрманғазы ауданына қарасты Сүйіндік, Балқұдық, Орлы ауылдарына, сонымен бірге Мақат ауданындағы емдеу мекемелеріне тапсырылды. Алла Тағала науқастанып жатқан бауырларымызға амандық берсін» деді бас имам.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру