Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Қиын сәтте демеу болды

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігі taglym.kz 11.08.2020 2378 0 пікір
Талдықорған: Қиын сәтте демеу болды

Бұл – Талдықорған қаласында тұрып жатқан мұсылман бауырымыздың шаңырағы. Аз ғана уақыт бұрын қарызға сатып алған үйі еді. Өртеніп кетті... Бірақ, шаңырағы ортасына түскен жоқ. Рахымы шексіз Алла Тағала Өзіне құлшылық еткен құлының отбасын дін аман сақтап қалды.

Сынақты сабырмен қабылдаған арлы азамат ешкімге қол жайып қарап отырмай, ауласына жаңа үйдің кірпішін калауды бастап та кетті.

–Иә, Алланың жәрдемі жақын! Әр ісін даналықпен жүзеге асыратын Раббымыздың бұйрығымен бүгін осы отбасыға Талдықорған өңірі бойынша «Зекет қорынан» 200 000 теңге қаржылай зекет және киім-кешек табысталды. Үймен бірге дүние-мүлік, киім-кешектен жұрдай болып, өртенген үйінің қалған бір бұрышында күнелтіп жатқан бауырымыздың отбасына әлі де көмек керек-ақ, - дейді «Зекет» қоры өкілдігінің мамандары.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру