Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: 249-шы баспана аудан имамына бұйырды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 07.08.2020 2703 0 пікір
Қостанай: 249-шы баспана аудан имамына бұйырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» деп аталатын қайырымдылық акциясы аясында елімізде талай кісілер баспаналы болып, үлкен қуанышқа кенелуде.

Жуырда осындай қуанышқа дін саласында 30 жыл аянбай еңбек етіп, жұртшылықты имандылыққа, адамгершілікке баулып келе жатқан Қостанай облысы Алтынсарин ауданында имам болып қызмет атқаратын Ерік Қожахметұлы Ыбырай ие болды.

Оған жоғарыда аталған «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 249-шы баспанасы өзінің кіндік қаны тамған Меңдіқара ауданында табыс етілді. Мұндай сәтті күтпегендіктен болар, оның жүзінен ерекше жоғары көңіл-күйдің нышаны айқын сезілді.

Баспана ұзақ жылдар бойы өз саласында адал жұмыс істеген азаматқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай діни кадрларға құрмет көрсету, марапаттау бөлімі және «Зекет» корпоративтік қорының тікелей бастамасымен берілгенін атап өткеніміз жөн.

Ерік Ыбырай адал еңбегін ескеріп, өзіне пәтер сыйлаған Діни басқарма мен «Зекет» корпоративтік қорына, өңірдегі барша жанашыр әріптестеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру